avangard-pressa.ru

Химиялық биологиялық улануды емдеудегі жалпы принциптер - Химия

Химиялык биологиялык улардын мутогендік әсері

Шығу тегіне байланысты мутацияларды спонтанды және индуцирленген деп бөлуге болады. Біріншісі табиғи немесе спонтанды құбылыс,оның айқындылық дәрежесі мутацияның түріне және микроб популяциясының түріне байланысты болады. Олар әр түрлі себептер мен жағдайлардың әсерінен in vivo - және in vitro – микроб популяцияларынан көрінеді (адам организмінің табиғи биотоптарында), мысалы, репродукцияланатын ферменттердің немесе ДНҚ – ның репликациясы кезіндегі ДНҚ- полимеразаның жұмыстарында қателіктер кеткен жағдайда. Мутациялар синтезделіп жатқан ұрпақтық (дочерная) тізбектің бір азоттық негізінің орнына басқа ата - аналық тізбектегі комплементсіз негіз қате тіркескенде пайда болады, мысалы адениннің орнына комплементті тимин, гуанин немесе цитозин тіркеседі.

Табиғи фонның өзгеру себебі инсертациялық мутацияларға (ағылшынша insertion - жалғау) байланысты болуы мүмкін, олар микроб жасушасының хромосомасына Is – тіркестіктер, транспозондар және плазмидалар тізбектелгенде түзіледі. Бұл кезде мутация фенотипі олардың интеграциялану орнына байланысты болады: егер олар промоторға жақын түзілсе, реттеуші гендердің қызыметі бұзылады, ал құрлымдық генге жақын түзілсе - кодталып қойған өнімнің синтезі бұзылады. Бактерияларда мутатор – гендер бар болса мутация жиілігі 100 немесе одан да жоғары болады.

Индуцирленген мутациялар тәжірибе кезінде белгілі бір мутагендермен әсер ету арқылы болатын құбылыстар.

Мутациялаушы гендердің санына байланысты гендік және хромосомалық мутацияларды ажыратады. Біріншілері бір генде ғана өзгеріс енгізеді және нүктелік деп аталады, ал екіншілері бірнеше генге әсер етеді.

Нүктелік мутациялар ДНҚ- да қос азоттық негіздердің алмасуы мен тіркесуі түрінде көрінеді, олар бір кодонның өзгеруіне әкеледі, нәтижесінде бір аминқышқылының орнына басқа, бірде –бір амин қышқылын кодтай алмайтын, бос кодон түзіледі. Соңғысын нонсенс мутациялар деп атайды.

Азоттық негіздердің бір жұбының тіркесуі немесе түсіп қалуы арқылы жүретін мутация түрі басқа да барлық кодондардың өзгеруіне әкеледі. Бұндай мутациялар оқылудың жылжуы деп аталады. Олар бір генге де әсер етуі мүмкін.

Нүктелік мутациясы бар микроорганизмнің бір генінде, тағы осы генде екіншілік мутация пайда болуы мүмкін, нәтижесінде жабайы фенотипі қалпына келеді. Бұндай мутанттық фенотиптің пайда болуына әкелген біріншілік мутацияны - төте, ал қайтадан жабайы фенотиптік қайтымдылық мутация түзген түрін қайтымды (кері) деп атайды. Бұндай жағдай, тікелей мутациялық өзгеріс бірінші мутацияланған геннің қос негіздері қарапайым ауысқан жағдайда болуы мүмкін. Тікелей мутация қос тізбек АТ – ның ГЦ – ға ауысуының нәтижесінде, ал кері мутация ГЦ – жұбының АТ- ға ауысуына байланысты. Табиғи реверсия кезінде фенотип қана емес, генотип те қалпына келеді. Фенотипті қалпына келтіру супрессияға да байланысты болуы мүмкін, яғни мутантты фенотип басылады, ол мутациялық өзгерістердің себептерін жойған кезде көрінеді. Мысалы, егер бірінші мутация кезінде геннің ДНҚ -ның бір бөлігіне нуклеотид жұбы тіркессе немесе түсіп қалса, ал басқасында мутация керісінше болса (түсіп қалса немесе тіркессе), онда информацияны дұрыс оқу қалпына келеді. Бұндай супрессия түрі екіншілік деп аталады.

Токсикологиялық инголяциялық улану

Ингаляциялық улануларда, мысалы иісті газбен, зардап шеккен адамды таза ауаға шығарады. Қысып тұрған киімдерін шешіп, тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз етіп, оттегімен иңгаляция жүргізеді. Ары қарайғы ем улы заттың түріне байланысты жүргізіледі.

сынаптың буымен қатты улану кеніштердегі авариялармен немесе қауіпсіздік техникасын күрделі бұзушылықтарымен байланысты болады. Сынаппен уланудың клиникалық көрінісі 8-24 сағатта дамып, жалпы әлсіздік, бастың ауруы, жұтынған кезде ауруы, температураның жоғарылауы, тыныс алу жолдарының қабыну құбылыстары түрінде білінеді. Содан кейін қызылиек, іш аура бастайды, асқазан бұзылады, кейде өкпенің қабыну жағдайлары кездеседі. Өліммен аяқталған жағдайлар да кездескен. Созылмалы улану дамиды және ұзақ уақыт аурудың айқын белгілерінсіз өтеді. Содан кейін шаршағандық, әлсіздік, ұйқышылдық, енжарлық, тез әсерленгіш, бас ауруы, бастың айналуы пайда бола бастайды. Сонымен қатар аяқ-қол ауырлап, барлық дене дірілдей бастайды. Психикалық қозғыштық пайда болады, жиі есте сақтау қабілетінің нашарлауы байқалады.

химиялық биологиялық улануды емдеудегі жалпы принциптер

Биологиялық улану

Кененің шағуы

Кененің кіруі кенелер көктемнің аяғы-жаздың басында пайда болады. Кенеден дұрыс киілген киім қорғай алады, оның барлық ашық жері түймеленіп, қымталуы тиіс. Кененің шаққаны білінбейді: ол жараға ауыртпайтын затты сіңіреді. Сондықтан кене бірден байқалмайды. Кене көп жағдайда қолтықтың астын, мойынды, құлақтың ішін, шапты сорады. Басқа жерлерді де шағуы мүмкін.

Алғашқы көмек.Қанды сорған кенені қысуға немесе қатты сілкуге болмайды. Бұл тек энцефалитпен зақымдануды күшейтеді. Ең алдымен кене мен терінің төңірегіне май немесе сұйық май құйып, сөлден соң ұшына дәкі байланған пинцетпен немесе саусақпен ұстап, оны теріден баяу қозғалыспен алып тастау қажет.

Басқа жағдайда кененің басы терімен түйіскен жерде жіпті ілгекпен байланады. Жіптің ұшын тартқанда оның ілгегі кенені ақырындап тартып шығарады.

Кенені алғаннан кейін шаққан жерінен қолды залалсыздандыру қажет.

Зардап шегушінің хал-күйі бастың маңдай-самай тұсының ауруынан, әлсіздіктен, ыстықтан, бұдан кейін құсудан, құрысудан, көз бен естудің нашарлауынан төмендеген жағдайда, оны кешіктірмей емдеу мекемесіне апару қажет. Ыстық сумен жуындыруға болмайды. Зардап 3-14 күннен кейін байқалғанда оны шұғыл емдеу орнына апару қажет. Ыстық ванна қабылдауға болмайды.

Химиялық улану

Күкірт сутегі – тыныс алудың тоқтауынан өлімге әкелетін өткір жүйкелі у. Тыныс алу жолдары мен көзді тітіркендіреді. Судағы ерітіндісі теріге тиген жағдайда қызартады немесе қышыма болады.

Қышқылдардан улану көбінесе кездейсоқ орын алады. Қышқылдарға мыналар жатады: тұзды, азоттық, сірке. Қышқылдар адамның ағзасына түссе, оған ауыр зиян келтіруі мүмкін.

Белгілері. Ауыздың күюі, өңеш бойында, асқазанда ауырсыну сезіну; ауыздың сілемейлі қуысының күюі (ісінуі), қан аралас құсу; жұтудың қиынға соғуы. Зардап шеккен адам қызу күйде болады, тыныс алуы бұзылып, естен тануы мүмкін.

Алғашқы жәрдем. Теріге түскен қышқылды сабынды сумен жуып тастау керек. Мүмкіндік болса, асқазанды сумен шаю керек. Бұл мүмкін болмаса, зардап шеккен адамға мол мөлшерде газдалмаған таза су ішкузі қажет. Адам жұта алса, бүркейтін құралдар қабылдау қажет: сүт, аз мөлшерде өсімдік майы. Химиялық күю кезінде құстыруға болмайды! Тез арада жедел жәрдем шақыру немесе зардап шеккен адамды ауруханаға жеткізу қажет.